Алматы қаласының бірқатар шағынауданы 8 маусымда суық судан ажыратылады

06.06.2022 16:49

Әуезов ауданын сумен қамтамасыз ету желілеріндегі технологиялық құрылғыларды ауыстыру мақсатында уақытша шектеулер енгізіледі

photo: Pixabay

Алматы қаласының бірқатар шағынауданы бір күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Алматы су" МКК сілтеме жасап.

"8 маусымда түнгі сағат түнгі 01:00-ден сағат 22:00-ге дейін Ақсай-4, Ақсай-5, Достық, Жетісу-1, Жетісу-2, Жетісу-3, Жетісу-4, Мамыр-1, Мамыр-2, Мамыр-4, Мамыр-5, Мамыр-6, Мамыр-7 шағынаудандарының аумағында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

Алматы қаласы Әуезов ауданын сумен қамтамасыз ету желілеріндегі технологиялық құрылғыларды ауыстыру мақсатында, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін, суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз",- делінген хабарламада.