Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді
Биылғы жылы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы Алматының Әуезов ауданында 34 жобаны жалпы іске асырумен 2 кезеңде өткізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
16 жобаны іске асыру аяқталды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
"2 кезеңді іске асыруға 875 млн теңге бөлініп, 18 жоба іріктелді. Оның 10-ы – қоғамдық кеңістіктерді жайластыру, 8-і – бос учаскелерді абаттандыру. Бүгінде конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Құрылыс қазанда басталып, қарашада аяқталады деп жоспарланған", – деді қала басшысы.