Түрксіб ауданында ескі баспаналарды жаңарту аясында жыл соңына дейін 13 үй салынады

18.01.2024 16:52

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Түрксіб ауданында 1247 үйдің 586-сында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, жайлы қалалық орта құру – әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі. 

Осы жылдың 2 тоқсанында 2 учаскеде тағы 13: Кассин-Сейфуллин қиылысындағы 6 үйдің және Молдағалиев-Сауранбаев қиылысындағы 7 үйдің құрылысын аяқтау көзделген.  

Бұған қоса, «Алтай-2» шағынауданында жеке құрылыс салушы 54 үйді жаңартуды жоспарлап отыр. Қазір 6 үй (43 пәтер) сатып алынып, 2 тоғыз қабатты үйдің (100-ден астам пәтер) құрылысы басталады.

2023 жылы Түрксіб ауданында барлығы 5 үй (121 пәтер) салынды, оған жақын маңдағы ескі үйлердің тұрғындары қоныс аударды.