Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

20.06.2024 16:53
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен аппарат басшысының орынбасары болып Ерік Жұмабай тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ерік Жұмабайұлы Жұмабай 1988 жылы туған. 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің инспекторы болып бастаған. Соңғы жылдары қаржы полициясы органдарында түрлі қызметтер атқарды.

Оқи отырыңыз: Алматыда сот шешімімен көлік жуу нысаны сүрілді