Алматыда «Сарыарқа» және «Достық» метро стансалары іске қосылады

aikyn.kz
aikyn.kz
2020 жылы Алматыны дамытудың басым бағыттары бойынша жұмыс тоқтаған жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Халықпен онлайн-форматта өтіп жатқан есептік кездесуде Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис шетіндегі инфрақұрылымдық дамудың жалғасатыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Айқын газетіне сілтеме жасап.

Қолда бар ресурс пен күштің едәуір бөлігі коронавируске қарсы іс-қимылға жұмсалғанына қарамастан 2020 жылы Алматыны дамытудың басым бағыттары бойынша жұмыс тоқтаған жоқ.

Қала шетіндегі инфрақұрылымды жақсарту үшін «Жаңа Алматыны» дамытудың 5 жылдық кешенді жоспары қабылданды. 200 млрд теңгеге 504 жобаны іске асыру басталды.

«Пандемияның экономикаға тигізген қысымына қарамастан, біз «Шетсіз қала» қағидаты бойынша дамуды жалғастырдық. Өздеріңіз білетіндей, бұл менің түбегейлі таңдауым. Осы бағытта жұмысты жалғастырамын. Әрбір алматылық тұрғылықты жеріне қарамастан тең өмір сүру стандартына ие болуы тиіс», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Биыл «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасады. 40,4 шақырым жаңа жол салынып, 200 шақырымнан астам жолды орташа жөндеуден өткізіп, үш жол айрығының құрылысын жалғастыру және төрт көшені тесу бойынша жобалар жоспарлануда. Сондай-ақ «Сарыарқа» және «Достық» метро стансаларының құрылысын аяқтау және «Қалқаман» стансасының құрылысын жалғастыру көзделуде.


Новости партнеров