Бостандық ауданындағы бірқатар үйді сумен жабдықтау бірнеше сағат ішінде қалпына келтіріледі

13.01.2023 16:55

Өткен түнде диаметрі 600 мм болатын, 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан су құбыры учаскелерінің бірінде штаттан тыс жағдай туындады

pixabay.com

Бостандық ауданындағы бірқатар үйдің ескі магистралды су құбырының бұзылуына байланысты ажыратылған, сумен жабдықтау жұмыстары бірнеше сағат ішінде қалпына келтірілетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы су» МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен түнде диаметрі 600 мм болатын, 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан су құбыры учаскелерінің бірінде штаттан тыс жағдай туындады. Оның салдарын қазіргі уақытта «Алматы су» МКК апаттық бригадасы қажетті техниканың көмегімен шұғыл түрде жоюда.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 1972 жылы пайдалануға берілген су құбырының тозуы апаттың негізгі себебі болып табылады. Аталған қалалық сектордағы үйлердің тұрғынынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз. Анықтама үшін телефоны: 274-66-66», – делінген хабарламада.