Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті
Жетісу және Әуезов ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
27 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін Жетісу ауданына қарасты «Айнабұлақ– 4» ықшамауданындағы тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды.
«Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер жаңа су құбырларын магистральдық желілерге қосу үшін енгізілді», – деп атап өтті «Алматы су» МКК.
Сонымен қатар, 27 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін Әуезов ауданында орналасқан: Западная, Вишневая, Грушовая, Ықылас көшелері мен «Таугүл–3» ықшамауданында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.