Алматыда көп балалы аналар тегін отандық фильмді тамашалады

30.11.2022 16:57
egemen.kz

«Аяулы-Халық» Қоғамдық қоры Жетісу аудандық «Бақытты отбасы» орталығының көп балалы аналары мен аз қамтылған отбасы өкілдерін отандық фильмді тамашалауға шақырды.

Махаббат пен комедия негізінде түсірілген бұл фильмде  адам денсаулығы жайлы кеңінен көрсетілген. Кинотуындыда сондай-ақ транспантология жайлы айтылып, тағдыры екі түрлі екі адамның өмірі суреттеледі.

Фильмнің көрсетілімі қаламыздың ең ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде өтті.