Бостандық ауданында газ құбырлары қайта жаңартылады

13.07.2023 16:57

Жөндеу жұмыстары тамыз айында басталады

intmarker.ru

Алматы қаласының Бостандық ауданында 1,5 км жерасты газ құбыры қайта жаңартылуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының Бостандық ауданында тамыз айында Жароков көшесінен Есентай өзеніне дейін Бұқар жырау көшесі бойынша 1,5 км орташа қысымды жерасты газ құбырын қайта жаңарту басталады. Бұл туралы аудан әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

«Бүгінде жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жұмыстың аяқталуы-2023 жылғы қазан. Бұл 16 мың тұтынушыны үздіксіз газбен қамтамасыз етеді», - деді ол.