|
10.08.2022 | 11:57
2238

Наурызбай ауданының бес шағынауданында инженерлік желілердің құрылысы аяқталды

Ауданда тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатыр

Наурызбай ауданының бес шағынауданында инженерлік желілердің құрылысы аяқталды vlast.kz

Бүгін Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Оның айтуынша, аудан әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv ӨКҚ-не сілтеме жасап.

Мысалы, инвестициялар тарту көрсеткіштері 16 есеге (8-ден 127 млрд теңгеге дейін), салық түсімдері 45 есеге (400 млн теңгеден 18 млрд теңгеге дейін), өндіріс көлемі 2 есеге (3,8-ден 7,5 млрд теңгеге дейін), ШОБ субъектілерінің саны 9 есеге (1345 млрд теңгеден 11 808 дейін) өсті. 2022 жылдың І жартыжылдығында өнеркәсіп көлемі 4,6 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, ауданда тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатыр. Санжар Тоғай бұл мәселенің басым екенін мойындады, оның міндеті - аудан тұрғындарын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Қазір 30%-ы ғана қамтамасыз етілген. Қалған 70%-ы ашық су қоймалары мен жеке ұңғымалардан суды пайдаланады.

«Қазіргі уақытта Наурызбай ауданының 8 шағын ауданында 150 км су құбыры желілерінің құрылысы жүріп жатыр, 80% жұмыс аяқталды. Сонымен қатар, 75 км кәріз желілері тартылып жатыр, 95% аяқталды. Тастыбұлақ, Таужолы, Жайлау, Қарғалы, Құрамыс шағын аудандарында инженерлік желілердің құрылысы аяқталды. Ақжар, Шұғыла, Таусамалы шағын аудандарында инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жалғасып жатыр, жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар», - деп хабарлады аудан әкімі.



ӨКҚ брифингінде Ақжар, Шұғыла, Тастыбұлақ шағын аудандарында (48 бау-бақша серіктестіктерінде) жалпы ұзындығы 98 км су құбыры және кәріз желілерін жүргізу жобасы әзірленіп жатқаны белгілі болды.

Заманауи тазарту жүйесі бар «Қарғалы» су қоймасының құрылысы аяқталу сатысында (нысанның 92%-ы дайын). Сонымен қатар, Ақсай шатқалында 16 гектар аумақты алып жатқан Ақсай өзенінде су қойма құрылысын бастау жоспарланып отыр, жоба 2025 жылға дейін іске асуы керек.

Сондай-ақ, Алматының батыс бөлігін орталық кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 34 км кәріз коллекторын салу бойынша жоба әзірленіп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

отчет
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир