Алматыда жұмыс іздеушілер саны артты

otyrar.kz
otyrar.kz
Жұмыспен қамту орталығына күніне 500 адам жүгінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жұмыс іздеушілердің саны артты. Жұмыспен қамту орталығына күніне 500 адам жүгінеді. Бұл туралы Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Күн сайын бізге 500-ге жуық адам келеді. Оларды шұғыл түрде жұмысқа орналастыру үшін барлық шараларды қарастырамыз. Біздің орталық арқылы бүгінгі күнде 12 мың адам жұмыспен қамтылды», – деді орталық директоры Диляра Иманқұлова.

Сонымен қатар, ол санитарлық талаптарды сақтау мақсатында аудандарда қосымша қабылдау бөлімдері ашылғанын айтты.

«Жұмыспен қамту орталығына келушілердің санын азайту және әлеуметтік арақашықтықты сақтау мақсатында қаланың бес ауданында қабылдау бөлімдерін аштық. Біздің мамандар онда адамдарға тезірек қызмет көрсетуге тырысып жатырмыз. Біз барлық қауіпсіздік нормаларын сақтаймыз», – деді Диляра Иманқұлова.

Оның айтуынша, қазір қоғамдық жұмыстарға сұраныс жоғары.

Новости партнеров