Сарыағашта бірнеше азық-түлік дүкені өртенді
Фото : пресс-служба КЧС МВД РК
Өрт салдарынан жақын маңда тұрған «ГАЗель» маркалы автокөлік жанып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысы Сарыағаш қаласында азық-түлік бутиктері өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«24 маусым күні сағат 04:40-та Түркістан облысы Сарыағаш қаласында «Рамазан» суару каналының бойындағы жалпы аумағы 250 шаршы метр 9 азық-түлік бутигі өртеніп кеткен», – делінген комитет хабарламасында.
Өрт салдарынан жақын маңда тұрған «ГАЗель» маркалы автокөлік жанып кетті. Өрт сағат 06:25-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД күштері мен құралдары, кезекші жедел тергеу тобы жалпы саны 36 адам мен 9 техника жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10