Алматыда 38 мың жаңа жұмыс орны ашылды

21.08.2023 17:00

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді

ашық дереккөзден

Алматының экономикалық дамуы оң динамиканы көрсетеді, бұған инвестициялар ағыны мен іскерлік белсенділіктің өсуі дәлел. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған байланысты еңбек нарығындағы жағдай да өзгеруде: 38 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 67% тұрақты.

Сауда және өңдеу өнеркәсібі мегаполис экономикасына үлкен үлес қосуда. Соңғысы тікелей шетелдік инвестициялар үшін ең тартымды сала.

Шетелден өңдеуші өнеркәсіпке салынған инвестициялар 2 есеге өсті. Бұл ретте жалпы жергілікті компаниялардың негізгі капиталына инвестициялау сомасы 752 млрд теңгеге жетті.