Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты
2023 жылы Алатау шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарға енген. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әкім былтыр қазан айында бұл кешен пайдалануға берілуі керек екенін айтты. Алайда жобадағы өзгерістерге байланысты мерзімі ұзартылды. Қазіргі уақытта жұмыс 90%-ға бітті. Биыл II тоқсанда аяқталуға тиіс.
Осылайша, Алматы әкімдігі мегаполис тұрғындарын спорт нысандарымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырып келеді.