Алматы әкімі Бостандық
ауданындағы жұмыс сапары кезінде
әлеуметтік маңызы бар нысандарда болды, сонымен қатар қоғамдық
кеңістіктерді абаттандыру барысымен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv қала
әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі Instagram-дағы
өзінің парақшасында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсететін іске асқан
Ten Qogam жобасы туралы айтып берді. Бұл орталықта мүмкіндігі шектеулі
азаматтарды жаңа мамандыққа оқытып немесе кәсіби біліктілігін дамыту арқылы
жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Жобаны «Шырақ» ҚБ мүгедектігі бар әйелдер
қауымдастығы» жүзеге асыруда. Ал «Әуен әлемі» жобасы балалардың музыкалық
қабілетін дамытуға бағытталған. Мұнда балалар домбыра, гитара мен шаңқобызда
ойнауға тегін үйретіледі.
Қала әкімі дипломнан
кейінгі білім берудің халықаралық институтында болды, мұнда мамандар медицина
қызметкерлеріне халықаралық стандарт бойынша біліктілікті арттыру курстарын
ұйымдастырған. Мұнда көпсалалы клиника ашылды.
«Tamos Education
мектебінің, ұлттық киім мен кәдесый өнімдерін тігетін цехтың даму жоспарымен,
аулалар, саябақ, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстарының
барысымен таныстым. Бұл жұмыс қала тұрғындарының пікірі мен тілектері ескеріле отырып
жүргізілуде», - деп жазды Б. Сағынтаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бостандық ауданы. Жұмыс сапары кезінде бірқатар әлеуметтік нысандарды араладым. Ten Qogam орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жаңа мамандыққа оқытып немесе кәсіби біліктілігін дамыту арқылы жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Жобаны «Шырақ» ҚБ мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» жүзеге асыруда. Ал «Әуен әлемі» жобасы балалардың музыкалық қабілетін дамытуға бағытталған. Мұнда балалар домбыра, гитара мен шаңқобызда ойнауға тегін үйретіледі. Дипломнан кейінгі білім берудің халықаралық институтының мамандары медицина қызметкерлеріне халықаралық стандарт бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. Мұнда көпсалалы клиника ашылды. Сондай-ақ Tamos Education мектебінің, ұлттық киім мен кәдесый өнімдерін тігетін цехтың даму жоспарымен, аулалар, саябақ, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстым. Бұл жұмыс қала тұрғындарының пікірі мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуде. —— Бостандыкский район. Во время рабочего объезда посетил ряд социальных объектов. В центре Ten Qogam горожанам с ограниченными возможностями помогают трудоустроиться посредством обучения новым специальностям или развития имеющихся профессиональных качеств. Проект реализован ОО «Ассоциация женщин с инвалидностью «Шырак». Другой проект, «Әуен әлемі» — направлен на развитие музыкальных способностей у детей. Их бесплатно обучают игре на домбре, гитаре и шаңқобыз. Специалисты Международного института последипломного образования организовали курсы повышения квалификации для медработников по международным стандартам. Здесь же открыта многофункциональная клиника. Ознакомился также с планами развития школы Tamos Education, цеха по пошиву национальной одежды и сувенирной продукции, ходом реализации проектов по благоустройству дворов, парков, скверов и пешеходных зон района. Эта работа ведется с учетом мнении и пожеланий горожан.
Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)6 Ноя 2020 в 6:57 PST