Алматы әкімдігі мен IFC ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласының әкімдігі мен халықаралық қаржы ұйымы (IFC) «жасыл» облигациялар түрінде ұзақ мерзімді коммерциялық сыртқы қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Келісім аясында IFC ұлттық валютада ұзақ мерзімді сыртқы қарыз алуды тарту үшін заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында қала әкімдігіне өтеусіз техникалық қолдау көрсетуді жалғастырады.
Қазіргі кезде Орталық Азиядағы алғашқы муниципалдық «жасыл облигация» түрінде әлеуетті сыртқы қаржыландыру бойынша пилоттық транзакцияны дайындау жалғасуда.
Бұл жұмыс тұрақты және жасыл инфрақұрылым қалыптастыруды талап ететін Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30