Алматы әкімдігі мен IFC ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

18.03.2022 17:07
коллаж

Алматы қаласының әкімдігі мен халықаралық қаржы ұйымы (IFC) «жасыл» облигациялар түрінде ұзақ мерзімді коммерциялық сыртқы қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келісім аясында IFC ұлттық валютада ұзақ мерзімді сыртқы қарыз алуды тарту үшін заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында қала әкімдігіне өтеусіз техникалық қолдау көрсетуді жалғастырады.

Қазіргі кезде Орталық Азиядағы алғашқы муниципалдық «жасыл облигация» түрінде әлеуетті сыртқы қаржыландыру бойынша пилоттық транзакцияны дайындау жалғасуда.

Бұл жұмыс тұрақты және жасыл инфрақұрылым қалыптастыруды талап ететін Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.