Алматыда халықты азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр

12.01.2022 17:08
kursiv.kz

Алматыда халықты азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде 4 наубайхана ("Ақсайнан", "Алматынан", “Рузинан", "Баширов" ЖК) күніне 130 тонна әлеуметтік нан шығарады. Әлеуметтік нанның бағасы "Ақсай нан" – 90 теңге/бөлке, “Алматынан" - 85 теңге/бөлке.

Бакалея өнімдерін өндірушілер ("Фирма "Ас-Ан" ЖШС), сүт өнімдерін өндірушілер ("Солнечный" ЖШС, "АдалСүт" ЖШС және "JLC" ЖШС, "Фуд Мастер" ЖШС, "RG Brands") жеткізілімдерді штаттық режимде жүргізеді. "Алсад Қазақстан" ЖШС мен "Алатау Құс" ЖШС қоймаларда жұмыртқа қорының жеткілікті көлеміне ие, жеткізілімдермен барлық сауда желілері мен ірі дүкендер қамтылған.

9 қаңтардан бастап Магнум желісіне келісімшарт жасалған көкөністер көлемін жеткізу жолға қойылды. Сөрелердегі картоп бойынша баға – 118 тг/кг, сәбіз бойынша – 127 тг/кг, пияз бойынша – 84 тг/кг, қырыққабат бойынша – 116 тг/кг.

Бүгінде 970 дәріхананың 877-сі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Алматы қаласының уақытша сақтау қоймаларында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеткілікті саны бар. Жедел деректер бойынша 19 дәріхана зардап шекті.