Мегаполистің барлық 8 ауданында 100-ден астам фотоаймақ орнатылған
Алматы қаласында Жаңа жыл мерекесіне орай ғимараттар, алаңдар, көшелер мен саябақтар түрлі-түсті шамдармен безендіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Күні кеше Алматыдағы Бас шыршаның шамы жағылды. Дәстүр бойынша рәсім ҚБТУ ғимаратының жанындағы «Астана» алаңында өтті.
Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 20 метр.
Мегаполистің барлық сегіз ауданында 100-ден астам фотоаймақ орнатылған, оның ішінде шыршалар, шағын сәулет нысандары және жаңажылдық безендірудің басқа да элементтері бар.
«Астана» алаңында шыршадан бөлек, арт-нысандар қойылған.
Сонымен қатар Республика сарайының алдында көздің жауын алатын шырша бой көтерген. Онда қала тұрғындары мен қонақтары келіп, серуендеп, суретке түскенді ұнатады.
Сондай-ақ мұнда әдемі безендірілген сыйлық қобдишасы да бар.
Көргенде көздің жауын алатын нысан Есентай өзені мен Сәтбаев көшесінің бойында орналасқан.
Бұл жерден түрлі-түсті шаммен безендірілген аю, үй және үлкен шырша қойылған.
Ал Қазақ мемлекеттік циркә ғимаратының алдында бірнеше безендірілген шырша мен сыйлық қобдишалары орнатылған.
Алматыда қар жоқ болса да, сәнді безендірілген нысандар қаланың көркін ашып, жаңажылдық көңіл күй сыйлайды. Бұл орындарға келіп, суретке түсіп жатқан халықтың да қарасы қалың.
Фото: Бауыржан Карипов
Редактор: Назым Қыдырбайқызы