Алматыда 1600 тұрғын емхана ауыстырды

Алматыда 1600 тұрғын емхана ауыстырды
Бүгінгі таңда Алматы қаласында кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті мен медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде 73 емхана қызмет көрсетеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы тіркеу науқанының алғашқы үш аптасында 1600 алматылық емхана ауыстырды. Қыркүйектің 15-інде басталған жыл сайынғы дәстүрлі кампания қарашаның ортасына дейін жалғасын таппақ. Бұл турлы бүгін тіркеу мәселесіне арналған брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, емхана ауыстырушылар саны жыл сайын азайып отырғаны байқалады. Яғни, тұрғындардың басым бөлігі тұрғылықты жеріндегі емдеу мекемесінің қызметіне жүгінуді жөн санайды. Мұны соңғы жылдары жұртшылықпен, медицина ұйымдарымен жүргізілген жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесі деуге болады.

Тағы бір айта кететін мәселе, емханаға тіркеу мәселесінде сақтандыру статусы болуы шарт емес. Пациенттер кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіндегі қызметтерді сақтандырылса да, сақтандырылмаса да  пайдалана алады. Атап айтқанда, жедел жәрдем, шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, емханадағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек, дәрі-дәрмекпен қамту, паллиативтік көмек, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, консультативтік-диагностикалық қызметтер бұрынғыша тегін көрсетіледі. Былайша айтқанда, шұғыл көмек еліміздің барлық азаматтарының бәріне бірдей көрсетілуі тиіс. Ол үшін сақтандырылған болу шарт емес.  

Бүгінгі таңда Алматы қаласында кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті мен медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде 73 емхана қызмет көрсетеді. Оның жартысына жуығы — жеке меншік. Яғни, тіркеу науқаны барысында тек мемлекеттік қана емес, жеке меншік емдеу ұйымдарына да тіркелуге болады. Тек таңдап алынған клиника  Медициналық сақтандыру қорының базасына енген болуы шарт. Олардың толық тізімі Қордың fms.kz сайтында орналасқан.

Бір ескере кететін мәселе, биылғы науқан кезінде басқа емдеу ұйымына тіркелген тұрғындар таңдаған емхана қызметін 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап пайдалана алады. Яғни, жылдың соңына дейін бұрынғы емханаға қаралады.

Новости партнеров