Алматының Жетісу ауданында 500-ден астам отбасы мемлекеттен көмек алады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Орталық арқылы 111 бала «Балдәурен» және «Алау» шипажайларына санаторлық-курорттық емделуге жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік жобалардың арқасында Алматының Жетісу ауданындағы көпбалалы және аз қамтылған жүздеген отбасы ай сайын көмек алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында аудан әкімі Гүлнар Көкебаева мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Г. Көкебаеваның айтуынша, 2021 жылы 534 отбасы 123 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды.

Аудан әкімі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы – Жетісу» әлеуметтік орталықтарында 1420 адам есепте тұратынын айтты. Орталық арқылы 111 бала «Балдәурен» және «Алау» шипажайларына санаторлық-курорттық емделуге жіберілді. Жыл басынан бері орталықта 152 ана тегін курстан өтті. «Бақытты отбасы – Жетісу» орталықтарында қолөнер, киім пішу және тігу, макияж, шаштараз, аспаздық, маникюр мен педикюр, кірпік ұзартуды үйренуге болады.

Гүлнар Көкебаева биыл «Халық» қоғамдық қорының қолдауымен кәсіпкерлер есебінен 922 мұқтаж отбасыға көмек көрсетілгенін айтты.

Аз қамтылған отбасы балаларына да жан-жақты қолдау көрсетіледі. Мысалы, әлеуметтік жобалар аясында 300-ден астам балалар мен жасөспірімдер Құлагер, Көкмайса, Көкжиек, Айнабұлақ шағынаудандарындағы «Жекпе-жек» орталықтарындағы секцияларға тегін қатысуға мүмкіндік алды. Көкжиек, Рабочий поселок және Айнабұлақ-4 шағынаудандарынан келген 350-ден астам бала тегін футбол ойнайды.

Новости партнеров