Алматыда Есентай және Үлкен Алматы өзендері қашан тазартылып, абаттандырылады

YouTube
YouTube
Мердігер анықталды, келесі аптада жұмыс басталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ерболат Досаевтың 20 сәуір Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Кездесу барысында Алматыдағы Есентай және Үлкен Алматы өзендерін тазарту және абаттандыру туралы сұрақ қойылды.


Тұрғынның сұрағы:

-Есентай өзенін тазалау және абаттандыру қашан жүргізіледі?


Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетовтың жауабы:

-Есентай өзені өткен жылдың қазан айында ғана қала балансына берілді, бұрын ол "Қазселденқорғау" балансында болған. Қазан айында бірден экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы тиісті өтінім берді.


Алматы қаласы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Серік Әділбаевтың жауабы:

-Биыл Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің түбіне тазарту жүргізіледі. Мердігер анықталды, келесі аптада жұмыс басталады.


Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:

-әл-Фарабиден жоғары Есентай бойынша аумақ абаттандырылған, ал әл-Фарабиден төмен жағы сол бойында қалған. Енді біз өзенді Абай даңғылына дейін абаттандыру жобасын дайындап жатырмыз, сондықтан қаланың төменгі бөлігінің тұрғындары жоғарғы бөлігіндей өздерін жайлы сезінетін болады.

Үлкен Алматы өзенінің жағалауы Тұңғыш Президент саябағынан бастап Сайранға дейін толық абаттандырылады, жалпы ұзындығы – 7,1 км. Өткен жылы құжаттарды дайындауға  бір жылға жуық уақыт кетті. Қазір құжаттар бар, конкурстық рәсімдер жүргізілуде, бюджеттен ақша қарастырылуда. Жұмыс басталды. Мысалы, өздеріңіз білесіздер, Сайран көлі 50 жылдан астам уақыт бойы тазартылмаған. Біз биыл оны алғаш рет тазартып, реконструкция жүргізетін боламыз.

Новости партнеров