Алматыда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Салтанатты іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғам, ҚХА және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда «Батыр» Президенттік полкінің әскерилері салтанатты түрде ту көтеріп, әнұран жаппай шырқалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Патриоттық іс-шара «Медеу биік таулы спорт кешенінде өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғам, ҚХА және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шараға барлығы мыңнан астам адам қатысты.

Қала аудандарында да мерекелік іс-шаралар мен әнұран салтанатты түрде орындалды. Алматы тұрғындары саябақтарда, мектептерде және басқа да қоғамдық орындарда еліміздің әнұранын орындады.

Мемлекеттік рәміздер күнінің құрметіне авто және велошабандоздар көк туды желбіретіп, қала көшелерімен жүріп өтті.

Мерекелік іс-шаралар «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мерекелік концерт және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің «Менің елім» патриоттық концертімен аяқталады.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Новости партнеров