Дәріханаға барып көмек сұраған ит жұртты таңғалдырды
видеодан кадр
Куәгерлердің айтуынша, қаңғыбас ит фармацевт Бану Ченгизге жақындап, оның босағанын күткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Табаны жараланған ит дәріханаға кіріп, көмек сұраған. Үй жануарының бұл әрекеті желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, қаңғыбас ит фармацевт Бану Ченгизге жақындап, оның босағанын күткен. Әу баста Бану иттің тамақ жегісі келетінін топшылаған. Ол тостағанды тамаққа толтырып, жануарға ұсынған. Бірақ, ит жеуден бас тартып, жаралы табанын алға қарай созып, көмек сұрағандай сыңай танытыпты.
«Табанында қан болды. Мен жараны тазалап, емдік жақпа жақтым. Мұны көрген кейбір келушілер итті өздерімен бірге алып кеткісі келді. Бірақ ит еркіндікті таңдап, дәріханадан қашып кетті», – дейді Бану.
Оқи отырыңыз: Маусымда Қазақстандағы ауа райы қандай болады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
16.09.2026 09:01
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37
Ақылы жолда ақшаны қалай үнемдеуге болады
16.09.2026 20:12