Алматыда бірқатар тұрғын үй массивтерінде су уақытша ажыратылады
Қаланың орталық бөлігіндегі бірнеше тұрғын үйлер технологиялық жабдықты ауыстыру процесінен туындаған өндірістік қажеттілікке байланысты бір күнге суық сумен жабдықтаудан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Алматы су" МКК-ға сілтеме жасап.
10 тамызда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін келесі аудандарда орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады:
- Бостандық ауданының аумағында: Байтұрсынов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев көшелері;
- Алмалы ауданында Абылай хан – Гоголь – Назарбаев – Абай көшелерінде;
- Медеу ауданында Назарбаев – Гоголь – Төлебаев – Абай көщелерінде;
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Анықтама телефоны: 274-66-66.
Оқи отырыңыз: Мегаполисте су басқан бірнеше учаске анықталды