Алматыда «Жасыл қала» науқаны басталды

18.10.2021 17:16

Көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады

letko.ru

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы тұрғындарға тегін көшет таратуға арналған «Жасыл қала» науқанының басталғанын хабарлайды. Көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv.     

Науқан қатысушылары отырғызылған ағаштарды алдағы екі жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоятындығын ескерген жөн. Қатысу үшін zeleniy_dvor_almaty@mail.ru элентронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:

1. Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, ағаш отырғызылатын орынның нақты мекенжайы;

2. Ағаш отырғызылатын орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);

3. Сұралып отырған көшет түрі мен саны.

Өтініштер 18-31 қазан аралығында қабылданады. Көшеттер келесі мекенжайларда таратылады:

- Алатау ауданы әкімінің аппараты; Жанқожа батыр көшесі, 26

-Алмалы ауданы әкімінің аппараты; Абылай хан даңғылы, 74а

-Әуезов ауданы әкімінің аппараты; Алтынсарин даңғылы, 23а

-Бостандық ауданы әкімінің аппараты; Айманов көшесі, 191

-Медеу ауданы әкімінің аппараты; Пушкин көшесі, 72

-Наурызбай ауданы әкімінің аппараты; Шұғыла ықшамауданы, 347

-Жетісу ауданы әкімінің аппараты; ул. Серіков көшесі, 2а

-Түрксіб ауданы әкімінің  аппараты;  Шолохов көшесі, 9.

Ағаш отырғызу жұмыстарын 1-15 қараша аралығында жүргізіп, фото есеп жолдау қажет. Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтінштер қарастырылмайды. Қосымша ақпарат алу үшін Жасыл қорды бақылау бөліміне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 272-54-89, 87479958147.