Көшелерді тазарту жұмыстарына 835 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 255 суару машинасы, 57 тротуар тазартқыш, 159 трактор және 1433 жол жұмысшылары жұмылдырылған
Көктем басталысымен Алматы қаласының аумағын тазарту бойынша жаппай жұмыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көшелерді тазарту және жуу, ортақ пайдаланатын жерлерді санитарлық тазалықтан өткізу, арықтарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
Қоршаулар, орындықтар, урналар сырлануда әрі абаттандыру жұмыстары қатар жүруде.
Көшелерді тазарту жұмыстарына 835 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 255 суару машинасы, 57 тротуар тазартқыш, 159 трактор және 1433 жол жұмысшылары жұмылдырылған.