Қызметкерлер телеарна аумағын тазартты
"Алматы" телеарнасының ұжымы «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты жалпықалалық сенбілік жұмыстарына белсенді қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сенбілікке телеарнаның 200-ге жуық қызметкері қатысты.
Журналистер мен операторлар, кеңсе қызметкерлері ғимарат аумағын жапырақтан тазартып, қоқыс жинады.
Айта кету керек, 21 қазанда жалпықалалық «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» сенбілігін өткізу бастамасын Алматы қаласының экологиялық қоғамдастығы мен қалалық Мәслихат депуттаттары көтерді.
Сенбілік аясында ғимарат аймағы жапырақтан тазартылып, қоқыс шығарылды. Сондай-ақ қаладағы саябақтар мен гүлзар аймағы, тұрғын үй аулалары тазартылып, ағаш көшеті отырғызылды.
«Жаңа Қазақстан.Таза табиғат» атты жалпықалалық сенбілік Алматы қаласының барлық ауданында өтуде. сенбілік кезінде 10 мың ағаш көшетін отырғызу жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Жаңа Қазақстан: Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді