Алматы зообағы Гималай қонжықтарына қандай ат қойды

28.07.2024 17:17

Бұл есім табиғаттың күшін және ғұмырлы екенін көрсетеді

elements.envato.com

Зообақтағы Гималай аюының қонжықтарына «Айсар» және «Талас» деген ат қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Айсар (сар – мықты, күшті) «ай сияқты мықты» деген мағынаны білдіреді, әрі оның күші мен кереметтігін бейнелейді. Оның есімі түнгі аспандағы ай сияқты күштілік пен тұрақтылықты көрсетеді. Талас – Қазақстандағы өзеннің аты. Ағынды және үздіксіз қозғалысты білдіреді. Бұл есім табиғаттың күшін және ғұмырлы екенін көрсетеді», - деп хабарлады зообақтың баспасөз қызметі.