Жаппай ағаш отырғызу да жоспарланған
Алматы әкімдігі тұрғындарды 9 сәуірде Birge – taza Qazaqstan республикалық акциясы аясында өтетін жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырады. Сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін. Сенбілікке коммуналдық қызметтердің 2000-нан астам қызметкері мен 400-ден астам арнайы техника шығады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қысқы кезеңнен кейін қала аумағын, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, сондай-ақ сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды тазарту жоспарлануда. Жаппай ағаш отырғызу да жоспарланған.
Меншік түріндегі ұйымдардың, соның ішінде ЖИБ,ПИК басшыларының қажет болған жағдайда сенбілікке қатысушыларды іргелес аумақтар мен аулаларда қоқыс жинауға арналған құралдармен, қолғаптармен, қаптармен қамтамасыз етуін сұраймыз.
Қоқыс салынған қаптарды жол жиегіне қою ұсынылады. Оларды қаланың коммуналдық қызметтері алып кетеді.
Қала аудандары бойынша сенбілік өтетін орындар: