Алматылық құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

12.08.2024 15:46

Мегаполисте Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Almaty.tv

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Мемлекет басшысының атынан көп жылғы еңбегі мен қаланың дамуындағы жоғары жетістіктері үшін сала өкілдеріне құрмет наградаларын табыс етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Құрмет" орденімен "Монтажспецстрой" АҚ директорының орынбасары Лилия Вертиева және "Диал-Строй" ЖШС Бас директорының орынбасары Бақыт Рымжанов, III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен "BAITAU INVEST" ЖШС жобаларының бас сәулетшісі Гүлнар Есенбекова марапатталды. Сондай-ақ "Ерен еңбегі үшін" медальдары табысталды.

Әкім орынбасары өз құттықтауында қаланың даму қарқыны мен қала тұрғындарының өмір сүру сапасы құрылысшылардың жұмыс нәтижесіне байланысты екенін атап өтті.

"Қалада жыл сайын мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер, жолдар, өндірістік нысандар салынады. Мұның бәрі құрылысшылардың арқасында жүзеге асады. Барлық қатысушыны кәсіби мерекесімен құттықтаймын және барлық бастаға сәттілік тілеймін", - деді Бейбіт Шаханов.