Алматыда бірнеше аудан мен көшелерге екі күн бойы суық су берілмейді

Фото : КР
Фото : КР
Рысқұлов даңғылының солтүстігіндегі бірнеше ғимарат пен үйлер суық судан ажыратылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Рысқұлов даңғылының солтүстік бөлігі екі күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«15-17 маусым аралығында Түрксіб ауданында Рысқұлов даңғылының солтүстігінде орналасқан бірнеше ғимарат пен үйлер суық судан ажыратылады. Сондай-ақ, осы уақытта «Айша бибі», «Атырау», «Қайрат», «Нұршашқан» шағынаудандары және Рысқұлов-Герцен-Хмельницкий-Айтықов-Шемякин және Хмельницкий-Гете- Бекмаханов – Майлин көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су берілмейді», - деп хабарлады «Алматы Су» компаниясы.

Сонымен қатар, «Құлагер» шағынауданындағы Омаров көшесі мен Айтмаутов-Сүйінбай-Осипенко-Бурундайская көшелеріндегі сумен жабдықтау желілерінде қысым төмендеуі мүмкін.

Тапсырыс бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарға су тасымалданады.

«Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер Құлжа трассасындағы су желілерін ауыстыру жұмыстарының екінші кезеңі аясында енгізілді», - деп атап өтті «Алматы Су».


 

Новости партнеров