Саин мен Ұлықбек көшесінің қиылысындағы жылу трассасының жарылу салдары жойылды

20.03.2022 17:24

Жылу трассасы сынақтан кейін қайтадан қатарға қосылды және қалыпты режимде жұмыс істейді

ашық дереккөз

Саин көшесінің оңтүстік-батысы, Ұлықбек көшесінің қиылысындағы жылу трассасының жарылу салдары жойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«19 наурызда орын алған апаттан кейін диаметрі 700 мм құбыр сегментін қалпына келтіру аяқталды. Жылу трассасы сынақтан кейін қайтадан қатарға қосылды және қалыпты режимде жұмыс істейді», - делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарламасында.

Ал Ұлықбек – Саин – Жандосов - Ясауи көшелерінің шаршысында ыстық су мен жылу беру қалпына келтірілуде.

Айта кетейік, штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) дербес іс-қимыл жасамауды және болған оқиға туралы "АлЖЖ" ЖШС-ның авариялық-диспетчерлік қызметіне тәулік бойы жұмыс істейтін +7 727 3780665 нөмірі немесе сағат 08:00-ден 18: 00-ге дейін қоңырау қабылдайтын +7 727 341 0777 нөмірі арқылы хабарлауды сұраймыз.