Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Н.Подгузовпен кездесті

02.03.2021 17:25
Twitter

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Н.Подгузовпен кездесті. Бұл туралы әкім өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Н. Подгузовпен жол-көлік пен инженерлік инфрақұрылым, ТКШ, жасыл энергетика салаларындағы перспективалы жобаларды іске асыру мәселелерін талқыладық», – деп жазды әкім.