Almaty Business – 2025 бағдарламасы бойынша 130-дан астам жоба қаржылай қолдауға ие болды

стоп-кадр видео
стоп-кадр видео
Бағдарламаға Алматы қаласында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының жүзеге асуы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Е. Оразалин Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада Almaty Business – 2025 өңірлік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары жоспарланғанын айтты.

«Алматы қаласының Наурызбай, Алатау, Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындары кәсіпкерлікті жүргізу үшін жылдық 5% мөлшерлемемен несие ала алады. Айта кетсек, елімізде бұл мөлшерлеме 6%-ды құрайды», – деді Е. Оразалин.

Бағдарламаға Алматы қаласында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Бір қарыз алушыға жоғарғы сома 180 млн теңгені құрайды. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі белсенді емес аудандар үшін 5%, белсенді аудандар үшін 7% құрайды.

Қазіргі кезде бағдарламаның серіктес банктері «Сбербанк», «ВТБ банк». Оларда кәсіпкерлікті қолдау үшін қаражат бар. Жұмысты «Альфа Банк» пен «Форте Банк» арқылы бастау жоспарлануда. Бүгінде 3,3 млрд теңге көлемінде 46 жобаға қолдау көрсетілді, жалпы бюджет 11 млрд теңгеден асады.

Е. Оразалиннің айтуынша, Almaty Business – 2025 бағдарламасы кәсіпкерлер арасында кеңінен танымал әрі мегаполисте кәсіпкерлікті дамытуда оң нәтиже көрсетті.

«ШОБ-ты ынталандыру үшін Алматы ӘКК базасында Almaty Finance ұйымдары және «Алматы» МҚҰ құрылды. Қарыздар жылдық 6% бен 2% мөлшерлеме бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бүгінде 9,5 млрд теңге көлемінде 130 жоба қаржыландырылды. Берілген несиелердің 30%-дан астамы start-up жобаларға тиесілі»,– деді спикер.

Сонымен қатар Е. Оразалин кепілдігі жоқ жаңа кәсіпкерлер де несие алатынын айтты. Ол үшін бағдарламаға несие тарихы бар клиенттер үшін жылдық 12% мөлшерлемемен 6 млн теңгеге дейін, сондай-ақ несие тарихы жоқ кәсіпкерлер үшін 1 млн. теңгеге дейін кепілсіз несие беру мүмкіндігі енгізілді. Несие мерзімі 24 айға дейін.

Сондай-ақ, Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында кәсіпкерлер сатып алынатын жабдықты кепілге қойып қаржыландыру үшін Almaty Finance пен «Almaty» ШҚҰ жүгіне алады.

Новости партнеров