Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

12.10.2020 в 17:36

Түрлі жылдарда жеке құрылымдарда басшылық лауазымдарда болған

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болып Айдар Беркімбаев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айдар Беркімбаев 1970 жылы туған. Қазақ спорт және туризм академиясын, «Арна» университетін, Алматының Энергетика және байланыс институтын тәмамдаған.

Түрлі жылдарда жеке құрылымдарда басшылық лауазымдарда болған, «Алматы электр станциялары» АҚ бөлім басшысы болып жұмыс істеген.

2018 жылдан 2019 жыл аралығында Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.

2019 жылдың қазан айынан бүгінгі тағайындауға дейін «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС-нің бас директоры болып қызмет атқарған.