Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мегаполисті энергиямен және жылумен ЖЭО-1, ЖЭО-2, ГЭС каскады, Батыс жылу кешені және 8 қазандық қамтамасыз етеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурыз мейрамын атап өту кезінде 800-ден астам маман қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін үздіксіз жұмыс жасайтын болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаланың Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметтері бойынша, Алматының тыныс-тіршілік жүйелерінің жұмыстарын қалалық жылу-энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларының 817 маманы мен инженерлік-техникалық қызметкерлері қамтамасыз ететін болады.

Қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің барлық салаларында болуы мүмкін төтенше жағдайларға жедел назар аудару үшін құрамына 300 маман енген апаттарды қалпына келтіру бойынша 80 бригада құрылып, 280 арнайы техника бірлігі бөлінді.

Бұлардан өзге, қажетті техникамен және құрылғылармен жабдықталған диспетчерлердің және кезекші қызметкерлердің жұмыстары күшейтілді.

Алматыдағы инженерлік желілердің ұзындығы мынадай:

- сумен жабдықтау – 3,4 мың км;

- судан бұру – 1,7 мың км;

- жылумен қамту – 1,3 мың км;

- электр желісі – 8,5 мың  км;

- газбен жабдықтау – 5,3мың км.

Мегаполисті энергиямен және жылумен ЖЭО-1, ЖЭО-2, ГЭС каскады, Батыс жылу кешені және 8 қазандық қамтамасыз етеді.

Новости партнеров