Алматының Түрксіб ауданы бойынша ХҚБ жобаларын іске асыруға 2 млрд теңге бөлінеді

Алматы әкімдігі / Пресс-служба акимата Алматы
Алматы әкімдігі / Пресс-служба акимата Алматы
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Түрксіб ауданы бойынша ХҚБ жобаларын іске асыруға 2 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

2023 жылы Халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында Алматының Түрксіб ауданында 1,7 млрд теңге сомасына 81 жоба іске асырылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Оның ішінде аулаларды жарықтандыру бойынша 33 жоба; 29 - балалар алаңын салу бойынша; 4 - тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнату бойынша; 3 - жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеу бойынша; 5 - тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнату бойынша; 5 - жаяу жүргіншілер көпірлерін жөндеу бойынша; 2 - жаяу жүргіншілер-серуендеу аймақтарын жайластыру бойынша.

- 2024 жылға бөлінген сома жаяу жүргіншілер-серуендеу және саябақ аймақтарын жайластыру, жарықтандыру желілерін салу және т.б. бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін 2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар 2023 жылы ауданда 10 негізгі су басу орны жойылып, 11 шақырым арық салынды.2024 жылы ауданда тағы 30,6 км нөсер кәрізін салу жұмыстары жалғастырылады.

Оқи отырыңыз: Түрксіб ауданында ескі тұрғын үйлерді жаңарту аясында жыл соңына дейін 13 үй салынады

Новости партнеров