Барлық кәсіпорын мен ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді

 elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы Алматы қаласының Еңбек инспекция басқармасы хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жер сілкінісі салдарынан өндірістік жарақаттар тіркелген жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының Еңбек инспекция басқармасы 2024 жылдың 23 жұлдызында барлық кәсіпорын мен ұйымдар штатты режимде қызмет етіп жатқанын және жер сілкінісіне байланысты өндірістік жарақаттар тіркелмегенін хабарлайды.  

Басқарма қызметкерлері өндірістік объектілер бойынша жедел мониторинг жүргізілуде, сонымен қатар  (Достық көшесі 85 үй 319 кабинет) кезекші мемлекеттік еңбек инспекторлар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар бойынша хабарламаларды қабылдап, тіркейді.

Басқарма жедел жәрдем станциялары мен Төтенше жағдай департаментімен тығыз байланыста және де еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғадан зардап шеккендер жоқ екенін хабарлайды.

Новости партнеров