Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы бағдаршамның істен шығуына байланысты қоғамдық көлік маршрутына өзгеріс енгізілді
Алматыда бірқатар автобустың бағыты өзгерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.
Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы бағдаршамның істен шығуына байланысты қоғамдық көлік маршрутына өзгеріс енгізілді. Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы бағдаршамның кабель кәрізін апаттық қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қаңтардың 9 - 11 аралығында Райымбек даңғылымен шығыс бағыттағы қоғамдық көлік қозғалысы уақытша жабық болады.
«4, 7, 11, 23, 50, 54, 59, 69, 78, 117, 141 маршруттары уақытша Райымбек даңғылы бойындағы тоннель арқылы ұйымдастырылып, жолаушыларды отырғызу мен түсіру үшін аялдама уақытша Жангелдин көшесі қиылысында орналасады» – деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасы.
Сонымен қатар №203, 207, 204, 221, 208, 220, 222, 224, 228 қала маңы маршруттары уақытша Жангелдин – Мақатаев көшесі – Көкбазар және кері қарай да осы бағыт бойынша ұйымдастырылады.