Кездесу сағат 9:00-де басталады
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесу 19 қаңтарда сағат 9:00-де Ботакөз шағынауданы, 2 мекенжайындағы №209 жалпы білім беретін мектепте өтеді.
Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Алатау әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.
Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.