Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы есеп берді
Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының дерегі бойынша қалада 12 836 лифт бар. Оның ішінде 6 885 бірліктен астамы қаланың тұрғын үй қорында пайдаланылады. Оның ішінде пайдалану мерзімі 25 жылдан асатын 180 лифт бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы 86 көппәтерлі тұрғын үйде 155 бірлік лифт жабдығын ауыстыру жоспарланды. 2023 жылдың соңында жоспар асыра орындалды, жұмыс қорытындысы бойынша 109 үйдің 198 лифт ауыстырылды.
Азаматтар жайлы өмір сүруі үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған ТКШ жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2023 жылы «Алматы тұрғын үй» уәкілетті ұйымы 95 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізді. 2024 жылы 100 көппәтерлі тұрғын үйде күрделі жөндеу жоспарланған.
2011-2022 жылдар аралығында «Алматы тұрғын үй» уәкілетті ұйымы 965 көппәтерлі үйдеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 907 үйдің 1 935 лифтін ауыстырды.
Еске салсақ Алматыда ТКШ жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында пәтер иелері 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге қайтарылатын несиеге күрделі жөндеу жүргізе алады. Бағдарламаға қатысу үшін тұрғындар жалпы жиналыста үйді жөндеу туралы шешім қабылдайды, содан кейін басқару органы хаттама мен «Алматы тұрғын үй» ЖШС бағдарламасының операторына қатысуға өтінім береді.
Оқи отырыңыз: Медеу ауданында қанша жерасты өткелі жаңартылды