Демалыс пен мереке күндері кешкі мұз айдыны түн ортасына дейін жұмыс істейді
«Медеу» мұз айдынында 50-ші мерейтойлық маусым ашылды. Қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай ескеріліп, мұз айдыны 2500-ден астам адам қабылдай алады.
Бұл туралы қала әкімі Б. Сағынтаев Іnstagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Кіру – Ashyq арқылы. Сеанс 3 сағатқа дейін созылған. Демалыс пен мереке күндері кешкі мұз айдыны түн ортасына дейін жұмыс істейді. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «Медеуден» шығатын №12 бағытындағы автобустың соңғысы түнгі сағат 00.30-да шығады. Сонымен қатар Балуан Шолақтан – «Медеу» мұз айдыны бағыты бойынша экспресс-маршруттың жұмысы қайта жанданды», – деп жазды қала әкімі.
Алғашқы күндері экспресстер демалыс пен мереке күндері 9.00-ден 19.00-ге дейін жүреді.