Алматыда мемлекеттік статистика саласында қандай өзгерістер болды

07.11.2023 17:39

Бұл туралы Талғат Мұхаметқазиев айтып берді

РСК Алматы

Жыл сайын 8 қарашада статистика органдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – статистика күнін атап өтеді. Биыл Қазақстан статистикасына -103 жыл. Кәсіби мереке қарсаңында Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы департаменті басшысының орынбасары Талғат Мұхаметқазиев қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап өтетін жайт, мереке күні ретінде 8 қарашаның белгілену себебі: дәл осы күні 1920 жылы Қазақ КСР-де статистика қызметі құрылды.

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес: статистикалық қызмет – осы қызметті жоспарлауды, статистикалық әдіснаманы әзірлеуді, статистикалық байқау жүргізуді, алғашқы статистикалық және әкімшілік деректерді өңдеуді, қорғау мен сақтауды, статистикалық ақпаратты қалыптастыру мен таратуды қамтитын процесс.

«Соңғы жылдары біздің республикамызда статистикалық мәліметтерге деген қызығушылық айтарлықтай өсті, статистикалық ақпаратты пайдаланушылар шеңбері тұрақты түрде кеңейіп келеді. Бүгінде мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері, іскер топтар, ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ студенттер мен оқушылар қоғамдық өмірдің әртүрлі аспектілері туралы өзекті және объективті ақпарат алуға мүдделі», - дейді Талғат Мұхаметқазиев.

Мұндай ақпараттың негізгі көзі - мемлекеттік статистика. Оның жұмысының маңызды қағидаттарының бірі - пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың объективті сапалы және өзекті статистикалық ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру департамент үшін бірінші кезектегі міндет саналады.

Жиналған статистикалық деректер мемлекеттік шешімдер қабылдауға, бизнес шешімдер қабылдауға әсер етеді, біз елдің және әлемнің экономикалық және саяси қызметінің қалай дамып жатқанын, қазіргі адамзат қоғамының қалай дамып жатқанын байқай аламыз.

«Статистикалық ақпаратты өндіру үшін Департамент 100 мыңнан астам заңды тұлғадан, филиалдар мен өкілдіктерден, 235 мың жеке кәсіпкерден, 13 мың үй шаруашылығынан статистикалық деректерді жинауды жүзеге асырады», - деп жалғастырды ол.

Респонденттерге жүктемені төмендету, респонденттердің қаржылық, еңбек және уақыт шығындарын төмендету, әкімшілік кедергілерді жою, енгізу кезінде қателер тәуекелдерін азайту, бастапқы деректерді жедел және сапалы жинауды қамтамасыз ету мақсатында респонденттерге бастапқы статистикалық деректерді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының stat.gov.kz ресми Интернет-ресурсында орналасқан «Респонденттің кабинеті» арқылы жүзеге асырылатын онлайн режимде электрондық түрде ұсыну мүмкіндігі ұсынылды.

Бұл ретте, статистикалық нысандарды уақтылы ұсынбау, сондай-ақ ұсынбау Әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын атап өткен жөн.

2022 жылдың соңында Ұлттық статистика бюросының логотипі ребрендингтен өтіп, stat.gov.kz сайты жаңартылғанын атап өткім келеді. Қазіргі уақытта пайдаланушылар сайттың қызықты, көркем, жұмыс істеуге ыңғайлы екенін атап өтуде.

Жаңартылған сайтта жас бухгалтерлер үшін «Респонденттерге» батырмасында «Статистикалық нысандарды толтыру бойынша видео-нұсқаулықтар» жаңа функциясын атап өтуге болады.

Сонымен қатар деректермен жұмыс істеу дағдыларын арттыру мақсатында Data Literacy бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама статистикалық сауаттылықты арттыруға және деректер негізінде шешім қабылдау мәдениетін енгізуге бағытталған және статистика саласы  аудиториясының үнемі хабардар болуына мүмкіндік береді.