Алматының Алмалы және Бостандық аудандарында суық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Алматы су" МКК-ға сілтеме жасап.
"4 шілдеде сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстардың орындалуына байланысты, Бостандық ауданындағы: Байтұрсынов - Тимирязев - Желтоқсан - Абай көшелерінің контурында, Керемет шағынауданында; Алмалы ауданындағы келесі контурларда: Абай даңғылы-Гоголь көшесі - Абылайхан даңғылы-Наурызбай батыр көшесі; Абай даңғылы-Құрманғазы көшесі - Наурызбай батыр көшесі - Мұратбаев көшесі; Гоголь көшесі - Жібек жолы даңғылы - Сейфуллин даңғылы - Чайковский көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Анықтама телефоны: 274-66-66", - делінген хабарламада.