Алматыдағы қозғалыстардың 40%-ы он сыртқы көлік бағытынан қалыптасады

27.12.2023 17:40

Қазір қалада халықтың 74% шоғырланған 9 негізгі аймақ бөлінген

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

10 бағыт бойынша көлік құралдарының ағыны тәулігіне 310 мың автокөліктен асады. Мұны қалалық мәслихат депутаттары мен сараптамалық қоғамдастық алдында көлік қаңқасының шебер-жоспарының тұсаукесерінде әзірлеушілер мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Талдау барысында Алматының көлік қаңқасын әзірлеу кезінде автомагистральдардың жүктелуіне және жолаушылар ағынының санына ерекше назар аударылды. Мәселен, көлік көп жүретін трассалар – Первомайская және Ташкент трактісі – күн сайын 50 мыңға жуық автомобиль, ал одан аздауы – Іле трактісі және Алатау трассасы – 8-ден 16 мыңға дейін көлік өткізеді. Бұл ретте қалаға кіретін жеңіл көліктің үлесі шамамен 90%, автобустардың үлесі 2%.

Мамандардың бағалауынша, көлік қаңқасы қоғамдық көліктерде және жеке автомобильдерде жүру үшін жолаушылар ағынын теңестіреді және 0,9-1,2 млн адам деңгейінде арақатынас орнатуға мүмкіндік береді. Осы сипаттаманы және халықтың тығыздығын ескере отырып, мегаполисте Алматының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы қалыптасты. Қазір қалада халықтың 74% шоғырланған 9 негізгі аймақ бөлінген.

Шебер-жоспарды «Алматыбасжоспар» және кешенді көлік жобаларын іске асыру саласындағы сарапшылар әзірлеген.