Сәулет ұйымдары Алматының Бас жоспарын әзірлеу мен талқылауға қатысады

Сәулет ұйымдары Алматының Бас жоспарын әзірлеу мен талқылауға қатысады
2021 жылдың 15-16 сәуірінде Еуразия сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің X Халықаралық фестивалі онлайн жүйесінде өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сәулет ұйымдары Алматының Бас жоспарын әзірлеу мен талқылауға қатысады. Еуразия сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің X Халықаралық фестивалін онлайн форматта өткізу туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Маргарита Имандосова, профессорлар Ерік Бесимбаев және Гүлнар Әбдірасылова, сонымен бірге ҚазБСҚА «Сәулет» факультетінің деканы Мехрибану Глаудинова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 15-16 сәуірінде Еуразия сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің X Халықаралық фестивалі онлайн жүйесінде өтеді. Фестиваль жыл сайын өткізіледі. Бұл шара жыл сайын сәулет-құрылыс университеттері немесе факультеттері бар әр түрлі елдерде өтеді.

Фестивальдің ұйымдастырушылары – Халықаралық білім беру корпорациясы (Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының бас ғимараты (Қазақстан)), 2021 жылғы фестивальдің бірлескен ұйымдастырушыларының қатарында Новосибирск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Сибстрин) бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль әртүрлі сәулет мектептерінің мамандары пікір алмасуға, сондай-ақ өздерінің әріптес сәулетшілерінің тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін бірегей алаңға айналады. Сонымен қатар, олар сәулет білімінің жаңа тенденциялары туралы біледі. Айта кетейік, фестивальде ұсынылатын көптеген жобалар әлем қалаларында жүзеге асырылуда.

«Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) әрқашан өзінің халықаралық байланыстарын кеңейтуге, сондай-ақ таланттарды ілгерілетуге және заманауи идеялар мен тәжірибелермен алмасу бойынша алаң құруға ұмтылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ҚазБСҚА бастамасымен, 2009 жылдан бастап жыл сайын Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің Халықаралық фестивалі өткізілуде. Осы жылдар ішінде аталмыш Фестиваль біздің құрлықтың студенттері мен магистранттарының үздік бітіру жұмыстарын көрсету үшін тамаша негіз және осы салада одан әрі даму идеялары мен тәжірибесімен алмасу, өзінің ғылыми жобаларын көрсету мен ынтымақтастық туралы шарттар жасасу үшін қолайлы диалог алаңы ретінде өзін танытты», – деп атап өтті Университет ректоры Маргарита Имандосова.

Халықаралық дипломдық жобалар байқауы 5 аталым бойынша өтеді: сәулет; дизайн; құрылыс, құрылыс материалдары; бұйымдар мен құрылымдарын өндіру; геодезия және картография; жерге орналастыру, кадастр. Халықаралық қазылар алқасының мұқият жұмысының нәтижесінде жеңімпаздар анықталады.

Еуразияның X Халықаралық сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің фестивалі АСҚИ-ҚазБСҚА-ның 40 жылдығына, Қазақстандағы сәулет білімінің 60 жылдығына және Сибстриннің 90 жылдығына орай ұйымдастырылады. Оның ішінде, жоғары оқу орындарының студенттерді кәсіби бағдарлаудағы рөлін күшейту, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау және болашағы бар түлектерді – сәулет, құрылыс және дизайн саласындағы болашақ мамандарды ынталандыру.

Фестиваль биыл онлайн-бейнеконференция түрінде өткізіледі.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚазБСҚА «Сәулет» факультетінің академиялық профессоры Гүлнар Әбдірасылова Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаланың тарихи орталығын сақтап қалудың Бас жоспарын әзірлеу туралы бастамасын қолдады. Оның айтуынша, бұл қаланың бірегейлігін сақтау үшін маңызды шешім, сондай-ақ туризмді дамыту құралы.

«Біздің бұл мәселеде қала басшылығымен пікіріміз ортақ және Бас жоспардың идеясын қолдаймыз. Талқылауға қатысқан қала тұрғындары да бірыңғай заманауи құжаттың дамуына өз үлестерін қосуда. Біз, сондай-ақ, осы құжаттарды талқылауға қатысамыз. Бұл дер кезінде жасалған жұмыс деп есептейміз. Еліміздің барлық қала құрылысымен байланысты әлеуеті Алматыда шоғырланғанын және біздің сәулетшілердің осы құжаттарды әзірлеуге қатысуы маңызды бағыт болып табылатынын атап өткім келеді», – деді Гүлнар Әбдірасылова.

Еске сала кетейік, Алматыда қаланың Бас жоспарын бекіту жоспарлануда. Бас жоспарды түзетудің негізгі мақсаты қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, қауіпсіз, қолайлы, жайлы қалалық орта құру болып табылады, бұл Алматыны «шетсіз қала» етеді.

Новости партнеров