Алматыда Құрманғазы көшесімен жүру уақытша шектеледі

07.07.2021 17:46

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз, делінген хабарламада

kcdn.kz

7 шілде сағат 12.00-ден 8 шілде сағат 9.00-ге дейін Құрманғазы көшесі бойымен Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі alts.kz-ке сілтеме жасап. 

"Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде гидравликалық сынақтардан кейін апаттық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. 

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз" делінген хабарламада.