Қала күнінің қарсаңында алматылықтар үшін көрмелер мен концерттер, тарихи қойылымдар, фестивальдер мен тағы да басқа түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Телеарнамыздың корреспонденттері мегаполис тұрғындары мен қонақтарының құттықтау сөзі мен мерекелік іс-шаралардан алған әсерін түсіріп алды.
"Алматылықтарды Қала күнімен құттықтаймын! Алматы - ең керемет, сұлу қала. Алматыда тұрғанымызға 43 жыл болды. Қаламыз көркейе берсін, гүлдене берсін!" - деп қала тұрғыны Шөшенова Бағилаш ыстық лебізін білдірді.
"Құрметті алматылықтар, Қала күнімен құттықтаймын. Осындай әсем қалада өмір сүріп жатқаныма қуанышытымын", - деп қала тұрығыны алматылықтарды мерекемен құттықтады.
"Құрметті алматылық қазақ бір туғандар, сіздерді қырғыздардың атынан Қала күнімен құттықтаймын. Сіздерге шын жүректен жақсылық тілеймін. ", - деп қырғызстандық Бақтыбек Рысқұлов та ақ тілегін айтты.
"Құрметті алматылықтар, сіздерді бүгінгі Қала күнімен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақ халқына бар жақсылықты тілеймін", - деді мегаполис тұрғыны Гүлжамал Шоламанова.
"Аса құрметті алматылықтар және Алматы қаласының қонақтары, сіздерді әсем қаламыз Алматының мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қаламыз жайнай берсін. Мерекеден мерекеге аман-есен жете берейік", - деді алматылық азамат.
Алматы еліміздің іскерлік және мәдени орталығы болып қала береді. Ресми түрде болмаса да, Алматы еліміздің Оңтүстік астанасы атанып кетті.