Алматы тұрғындары мен қонақтары Қала күнімен құттықтады

18.09.2022 17:49

Мерекелік іс-шаралар мегаполистің бірнеше жерінде өтіп жатыр

Almaty.tv.

Қала күнінің қарсаңында алматылықтар үшін көрмелер мен концерттер, тарихи қойылымдар, фестивальдер мен тағы да басқа түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарнамыздың корреспонденттері мегаполис тұрғындары мен қонақтарының құттықтау сөзі мен мерекелік іс-шаралардан алған әсерін түсіріп алды.

"Алматылықтарды Қала күнімен құттықтаймын! Алматы - ең керемет, сұлу қала. Алматыда тұрғанымызға 43 жыл болды. Қаламыз көркейе берсін, гүлдене берсін!" - деп қала тұрғыны Шөшенова Бағилаш ыстық лебізін білдірді.

"Құрметті алматылықтар, Қала күнімен құттықтаймын. Осындай әсем қалада өмір сүріп жатқаныма қуанышытымын", - деп қала тұрығыны алматылықтарды мерекемен құттықтады.

"Құрметті алматылық қазақ бір туғандар, сіздерді қырғыздардың атынан Қала күнімен құттықтаймын. Сіздерге шын жүректен жақсылық тілеймін. ", - деп қырғызстандық Бақтыбек Рысқұлов та ақ тілегін айтты.

"Құрметті алматылықтар, сіздерді бүгінгі Қала күнімен құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақ халқына бар жақсылықты тілеймін", - деді мегаполис тұрғыны Гүлжамал Шоламанова.

"Аса құрметті алматылықтар және Алматы қаласының қонақтары, сіздерді әсем қаламыз Алматының мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қаламыз жайнай берсін. Мерекеден мерекеге аман-есен жете берейік", - деді алматылық азамат.

Алматы еліміздің іскерлік және мәдени орталығы болып қала береді. Ресми түрде болмаса да, Алматы еліміздің Оңтүстік астанасы атанып кетті.